Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022

Республикалық маңызы бар жолдар интернетке қосылады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2027 жылға қарай республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды интернетке 100 пайыз қосуға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық маңызы бар жолдар интернетке қосылады

«Тағы бір маңызды мәселе республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды ұялы байланыс пен интернетке қосу. Интернет қазір осы жолдардың 25 пайызында ғана қолжетімді», деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2027 жылға қарай бұл жолдардың 100 пайызы интернет пен ұялы байланыспен қамтылады.

«Бұл іс-шаралар «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында операторларға берілетін салықтық преференцияларды және олардың инвестициялары мен республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады», деп қосты ол. 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше