Спорт • 13 Желтоқсан, 2022

Қазақстандық парабиатлоншы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Александр Герлиц парабиатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық парабиатлоншы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Герлиц қашықтықты 43 минут 59 секундта бағындырды. Канадалық Арендз Марк топ жарып,  қашықтықты 39 минут 20 секундта бағындырса, 41,22 ұпаймен украиналық Вовчунский Григорий екінші болды.

Еске салайық, 2022 жылдың 7-19 желтоқсан аралығында Вуокатти қаласында (Финляндия) шаңғымен жүгіру және парабиатлон бойынша әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр.