Үкімет • 12 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда бизнеске қойылатын негізсіз талаптар жойылады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда бизнеске қойылатын негізсіз талаптар жойылады

Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізілуде. Бүгінде осындай 7 мыңға жуық талап анықталды, олар жойылады.

Мемлекеттік бақылау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі – тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы тексерулерден бұзушылықтардың алдын алуға ауысу басталды.

«Бұл жұмыс келесі жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий мерзімі өткеннен кейін аяқталуы тиіс. Қабылданып жатқан шаралар ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», деді Премьер-Министр.

Бәсекелестікті дамыту үшін экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасады. Атап айтқанда, Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді, халық тұрмысы үшін маңызы зор сумен, электрмен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO өткізілді.

Сонымен қатар МЖӘ тетіктерін қайта жаңғырту үшін заңнамалық түзетулер әзірленді.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03