Футбол • 10 Желтоқсан, 2022

ӘЧ-2022: Марокко құрамасы Португалияны жеңді

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марокко Қатарда өткен әлем чемпионатының ширек финалында Португалияны 0:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ-2022: Марокко құрамасы Португалияны жеңді

Ойындағы жалғыз голды 42-минутта марокколық шабуылшы Юсеф Эн-Несири соқты. 

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға 51-минутта Рубен Невестің орнына шықты. Бұл матч Роналду үшін ұлттық құрамадағы мансабындағы 196-шы ойыны болды. 

Қосалқы уақытта марокколық шабуылшы Валид Шеддира екі минут ішінде екі сары қағаз алды.

Марокко құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.