Футбол • 10 Желтоқсан, 2022

ӘЧ-2022: Бразилия Хорватиядан жеңіліп қалды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хорватия мен Бразилия арасындағы кездесу Бразилия құрамасының жеңілісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

ӘЧ-2022: Бразилия Хорватиядан жеңіліп қалды

Екі команданың алғашқы 120 минуты 1:1 есебімен аяқталғанымен, пенальтиде еуропалықтар мықтырақ болды.

Екі команда арасындағы ойынды әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйерлер тамашалады. Жанкүйерлер үшін Бразилия құрамасының ширек финалдан кетуі нағыз трагедия болды. Олардың ойынша, команданың жеңіске жетуге толық мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар Бразилия құрамасының бас бапкері Тите сәтсіз ойыннан кейін өз мансабын аяқтайтынын айтты.