Тағайындау • 07 Желтоқсан, 2022

Астана қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары тағайындалды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция полковнигі Дәурен Қазбеков Астана қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары тағайындалды

Оны жеке құраммен елордалық ПД басшысы Марат Төлебаев таныстырды.

Дәурен Қазбеков 1982 жылы 19 қыркүйекте Көкшетау қаласында дүниеге келген. 20 жылдан астам уақыт бойы ішкі істер органдарында орта басшы құрамнан бастап түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2017-2019 жылдары Астана қаласы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы.

2019-2022 жылдары Астана қаласы Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болған.

2022 жылдан бастап Ақмола облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 2 желтоқсаннан бастап  Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.