Футбол • 06 Желтоқсан, 2022

ӘЧ: Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан жеңілді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилия Оңтүстік Корея құрамасын 4:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Оңтүстік Корея құрамасы Бразилиядан жеңілді

Кездесудің 10-минутында Винисиус Жуниор гол соқты. 3 минуттан кейін Неймар есепті еселеді. Матчтың 29-минутында Ришарлисон Андраде есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынның 36-минутында Лукас Пакета таблодағы есепті ұлғайтты. Есеп – 4:0.

Оңтүстік Корея құрамасының футболшылары есепті 76-минутта ғана қысқарта алды.  Дегенмен Паик Сенг Хо соққан гол ойын өрнегін өзгерте алған жоқ.