Әлем • 02 Желтоқсан, 2022

Мексикада 200-ге жуық адам уланып қалды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексикадағы тойда 250 қонақтың кем дегенде 200-і уланып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Noticias MVS сайтына сілтеме жасап.

Мексикада 200-ге жуық адам уланып қалды

Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алма Маррокин мәлімдеді. Оның айтуынша, Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында өткен мерекеден кейін зардап шеккендердің ішінде қалыңдық пен кәмелетке толмаған қонақтар уланып, дене қызуы көтерілген.

Оқиға болған қонақүй оқиғаның егжей-тегжейі нақтыланғанша уақытша жабылады.  Жас жұбайлар үйлену тойын ұйымдастыруға жұмсалған қаражатты қайтаруға өтініш бергендерін айтып, уланған қонақтарды сауықтыру үшін қажетті медициналық қызмет ақысын қонақүй әкімшілігінен төлеуді талап етті.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15