Бокс • 02 Желтоқсан, 2022

Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты

Бұл туралы Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы хабарлады.

«Тамаша жаңалық! Біздің күрескер Айдос Ербосынұлы ауруханадан шықты!», делінген Ерболсынұлы түскен видеонын астында. 

6 қарашада Айдос супер орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы «тұрақты» белбеуі үшін жекпе-жекте кубалық боксшы Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілді. Жекпе-жектен кейін Ербосынұлы Миннеаполистегі (АҚШ) ауруханалардың біріне шұғыл түрде жатқызылды. Оны жасанды комаға түсіріп, көп ұзамай ота жасады. Мемлекет басшысы боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау көрсету жеделхатын жолдады.

Жақында боксшының командасының өкілдері оның комадан шығарылып, жағдайы жақсарғанын айтқан болатын.