Қоғам • 29 Қараша, 2022

Көкталда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қараша күні сағат 9:20-дағы жағдай бойынша 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көкталда газ құбырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

№15 ГТШП және №16 ГТШП қызмет көрсететін 153 абонентке газ беру қалпына келтірілді. Бұл - Ақан сері, Қараменде би Шақұлы, Сұлутал, Сүйінбай Ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің тұрғындары. Үшінші ГТШП бойынша бу қондырғысы бар арнайы көлікпен 75 абонентке ГТПШ жылыту жұмысы ұйымдастырылды.

«Көктал-1» тұрғын алабы абоненттерінің бір бөлігіне газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та «ГАЗОВИК» ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуі барысында орташа қысымды газ құбыры зақымданғанына байланысты тоқтатылды.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ апаттық бригадасы дереу оқиға орнына шығып, қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.

«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппаратында штаб құрылды. Аудан әкімдігі көмір тасымалдауды ұйымдастырды. Қазір абоненттердің бір бөлігі газға қайта қосылған.