Саясат • 29 Қараша, 2022

Сенаторлар геодезия мәселелері жөнінде заң жобаларын қарады

46 рет көрсетілді

Депутаттар Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжаттар Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруды және дамытуды көздейді. Бұл платформа деректерді цифрлы формат түрінде пайдаланудың қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге, оларды жетілдіруге және жұмыс бабында сақтауға көмектеседі. Ол үшін деректерді жаңартудың кезеңділігін заңнамалық реттеу қарастырылған.

Заң жобаларының қабылдануы аумақтың қазіргі жағдайына сәйкес келетін, ашық пайдаланудағы деректермен бірыңғай кеңістіктікті қамтамасыз етуге, оларды автоматты түрде алмастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жер қатынастары, сәулет, құрылыс, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, геология, тұрғын үй-коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларында халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту туралы сөз болып отыр.

Заң жобаларын талқылау қорытындысы бойынша сенаторлар оны Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

Дипломатияның даму жолдары

Саясат • Бүгін, 08:58

Сөз өнерінің суреткері

Қоғам • Бүгін, 08:50

Еңбек құқығы қорғалады

Еңбек • Бүгін, 08:45

Су басу қаупі жоқ

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40

Ауылға әл беретін несие

Ауыл • Бүгін, 08:30

Бағыты айқын «Respublica»

Партия • Кеше

Ауыл жоқшысы

Отбасы • Кеше

Парасатты полиция

Қоғам • Кеше

Іс көп, судья аз

Құқық • Кеше

Аспалы жолда абайла!

Аймақтар • Кеше

Апатты жағдайдың алдын алды

Төтенше жағдай • Кеше

Тасқынға – тосқын

Аймақтар • Кеше

Сағи жыры

Әдебиет • Кеше

Мәңгіліктің елесі

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар