Қоғам • 29 Қараша, 2022

Этникалық қазақтар қазақ тілінен емтихан тапсырады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылдан бастап Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білу емтиханы тапсырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Этникалық қазақтар қазақ тілінен емтихан тапсырады

«Қазір алыс шетелден этникалық қазақтар келіп жатыр, олардың құжаттарында қай ұлт екені көрсетілмеген. Осыған байланысты сынақ емтихандарының тақырыптары дайындалып, қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан білімдері сыналады. Енді ұлты құжатында тіркелмеген этникалық қазақтарды келесі жылдан бастан сынақ емтиханынан өткіземіз», деді Тамара Дүйсенова.

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, Экономикалық реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес бекіткен «Ашық Қазақстан 500+» 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35