Аймақтар • 29 Қараша, 2022

СҚО-да 1 триллион теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және импортты толық алмастыруға зор үлес қосуда. Облыста әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларының 15-і өндіріледі, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да 1 триллион теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді

Облыста 10 айдың қорытындысы бойынша 1 триллион теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдармен салыстырғанда, бұл алғашқы жоғары көрсеткіш.

Облыс аграрийлері елдегі жалпы дәнді дақылдардың төрттен бірін және майлы дақылдардың 35 пайыздан астамын жинады. Ішкі нарықты азық-түліктің негізгі түрлерімен өз өндірісі есебінен қамтамасыз ету 85 пайызды құрайды.

Солтүстікқазақстандық диқандар машина-трактор паркін жаңарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 74,3 миллиард теңгеге 2189 бірлік техника сатып алынған. Сондай-ақ биыл 2,7 миллион гектар алқапқа 170 мың тонна тыңайтқыш енгізіліпті.

Айта кетейік, саланың белсенді дамуы мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемінің артуына да ықпал етуде.