Қазақстан • 29 Қараша, 2022

Желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілері айыппұл арқалауы мүмкін

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ қыс түсіп, суық ауа райының басталуына байланысты автожолдардағы көлік қозғалысына ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Желтоқсаннан бастап көлік жүргізушілері айыппұл арқалауы мүмкін

Министрлік өкілдерінің айтуынша, заңнамаға сәйкес 1 желтоқсаннан бастап қысқы кезеңде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. 

«Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқару, сондай-ақ осы баптың 6-бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар немесе жағдайлар болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес маусымнан тыс шиналарды пайдаланғаны үшін 5  АЕК айыппұл қарастырылған. Яғни заңнама бұзған көлік жүргізушілері 16 мың теңге айыппұл төлейді.