«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарайтын Абай, Аягөз және Үшарал гарнизондарында, сондай-ақ Қонаев қаласында әскер қатарына жаңа келгендердің ант қабылдау рәсімдері салтанатты түрде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жексенбі күні Шығыс Қазақстанда аяз болғанына қарамастан, климаттық жағдайларға үйреніп, әскердің тіршілігіне төселіп келе жатқан сарбаздарға бұл жағдай кедергі болмады. Шараға қонақтар ретінде сарбаздардың туыстары мен жақындарының келуі олардың жауынгерлік рухын нығайтты.
– Бүгін сендер әскери ант бердіңдер. Осы сәттен бастап «Отан қорғаушы» ұғымы сендер үшін ерекше мағынаға ие. Армияның қуатын арттыру арқылы сендер кез келген қиындықты жеңуге көмектесетін қасиеттерді бойларыңа сіңіресіңдер. Біз сендерге сенеміз. Отан қорғау жолындағы қызметтеріңе сәттілік тілейміз, – деді жас сарбаздарға Аягөз танк құрамасының командирі подполковник Дәулет Сүттібаев.
Ант қабылдау рәсіміне дейін әскерге шақырылушылар бір айлық жас жауынгердің курсынан өтті. Олар дене шынықтыру және саптық дайындықпен айналысты, жалпыәскери жарғыларды, қарудың материалдық бөлігін және онымен жұмыс істеу ережелерін үйренді, алғашқы практикалық атыстарын орындады.
– Бұл күнге біраз дайындалдық. Әрине, толқу болды, бірақ бір-бірімізді қолдау оны жеңуге көмектесті. Әскер жинақталуға және мұқият болуға үйретеді, мұнда бәрі күнделікті тәртіпке бағынады. Бұл тәжірибе маған пайдалы болады деп ойлаймын, – деп бөлісті Тараздан шақырылған сарбаз Ислам Бейбарыс.
Әскери бөлімдерге елдің әртүрлі аймағынан салтанатты түрде ант қабылдау рәсіміне келген сарбаздардың ата-аналары мен туыстары да бірге толқуды сезінді. Олар үшін ұлдарының қызмет жағдайын өз көздерімен көру, командирлерімен және әріптестерімен танысу маңызды болды.
– Бір айдан бері менің ұлым Айбол Серік Аягөзде қызмет етіп келеді. Ант беруге шақырғандарына қуандым. Мен олардың қызмет орнының шынайы жағдайын өз көзіммен көргім келді. Бізге бәрін көрсетіп, егжей-тегжейлі айтып берді. Енді мен балаларымыздың қайда тұратынын, не үйренетінін, қалай тамақтанатынын жақсы білемін. Олар үйлеріне аман-есен оралсын, – деді Алматы облысының тұрғыны Жанар Сепбосынова.
Әскери ант қабылдағаннан кейін әскерге шақырылушылар бөлімшелерге бөлініп, әскерден алған мамандықтарына сәйкес жауынгерлік даярлыққа кіріседі.
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматы облысының аты озған спартакиада
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар