Бүгін Екібастұз ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты желілік судың қысымы төмендеді, нәтижесінде №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары тоқтатылды, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті жерде барлық техникалық қызметтердің, энергетикалық кәсіпорындар басшылығының және Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.
Қазіргі уақытта Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желісі айналымда. Жылу желілеріндегі зақымдануды жоюға жедел бригадалар жұмылдырылды, орамдық желілерде 5 ақау анықталды, басқа да зақымдануларды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Екібастұз қаласы тұрғындарының Екібастұз ЖЭО-да жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы туралы шағымдары бойынша ҚР Энергетика министрлігі құрамында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің және әкімдіктің өкілдері бар Арнайы комиссия (Комиссия) құрған болатын.
2022 жылғы 9-10 тамыз аралығында комиссия Екібастұз ЖЭО-да болды. Сапар барысында негізгі жабдықтың жөндеу жұмыстары және төмен теріс температуралар кезеңінде жүктемені көтеру дайындығы тексерілді.
Станцияны аралау барысында ЖЭО басшылығына жөндеу жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Жалпы, электр станциясында 5 энергетикалық және 5 су жылыту қазандығы, сондай-ақ 1 бу турбинасы орнатылған.
Комиссия жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін ерекше атап өтті, ол 70%-дан асады. Жылу құбырларының қазіргі тозуы жылу желілеріндегі, әсіресе жылыту маусымдарының басында жыл сайынғы жоғары апаттылықтың негізгі себебі болып табылады.
Жылу желілері құбырларында жөндеу жұмыстарының қажетті және жеткілікті көлемін жүргізуге әсер ететін негізгі жүйелі проблемалардың бірі жылу энергиясына қолданыстағы төмен тариф болып отыр. Жылу құбырларының жалпы ұзындығы 342 км, жыл сайын шамамен 3-4 км жылу желілері ауыстырылады.
- Табиғи монополиялар субъектілерінің жылу энергиясын өндіру және беру тарифтерін белгілеу Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құзыретіне жатпайтынын және табиғи монополиялар субъектілерін реттеу жөніндегі мемлекеттік органның құзыретіне жататынын хабарлаймыз, - делінген министрлік хабарламасында.
Шаңғымен тұғырдан секіруден үздік спортшылар анықталды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:03
Түркияда тағы жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 11:55
Томирис Нұржан Барселонадағы турнирде чемпион атанды
Теннис • Бүгін, 11:43
Астанада #EREKSHETEATR-дың әртістері өнер көрсетті
Мәдениет • Бүгін, 11:32
Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 11:11
Астана халықаралық форумы 8-9 маусымда өтеді
Елорда • Бүгін, 10:53
Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:32
Семейдегі коммуналдық апат: 16 аула мен 6 үйді су басып қалды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Қазақстанның құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды
Қазақстан • Бүгін, 10:18
ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?
Қоғам • Бүгін, 10:01
Биыл 1,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • Бүгін, 09:56
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 09:45
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • Бүгін, 09:33
Екі сәбиін сатты деген күдікті әйел анықталды
Оқиға • Бүгін, 09:21
Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 3500 адамнан асты
Әлем • Бүгін, 09:13
7 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:08
Коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Саясат • Бүгін, 08:58
Субсидия: онлайн алудың жолы оңай болмай тұр
Субсидия • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50
Еңбек • Бүгін, 08:45
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40
Татами табандылықты талап етеді
Спорт • Бүгін, 08:35
Ауыл • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Партия • Кеше
Отбасы • Кеше
Әлем • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі
Несие • Кеше
Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы
Ғылым • Кеше
Қоғам • Кеше
Құқық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Жалпыұлттық деңгейге көтерілген газет
Тарих • Кеше
Ахмет Жұбановтан бата алған дарын
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар