Қазақстан • 19 Қараша, 2022

Ұлттық ұлан сапындағы сарбаздарға құрмет көрсетілді

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан сапына жыл сайын он мыңдаған бозбала келіп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді. Астана іргесіндегі 5573 әскери бөлімінің өзінен жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген бір жарым мыңдай жас сарбаз еліне қорған болар рухы мығым азамат боп түлеп шығады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық ұлан сапындағы сарбаздарға құрмет көрсетілді

18 қараша күні Ұлттық ұланның астаналық әскери қалашығында 2-2021 жылғы шақырылым сарбаздарын құрметтеу кеші өтті. 

Әрбір сарбаздың әскери істі меңгеруінде, нағыз Отан қорғаушы боп қалыптасуына ықпал еткен үлкен-кіші командирлерге, жыл бойы қолдау танытқан ата-ана, жақындарына да алғыс білдірді.

Шара барысында сарбаздарға өз батальондары туралы әдемі бейнероликтер, қызмет жолдары мен демалыс уақытындағы қуанышты сәттері таспаланған естелік сюжеттер көрсетілді. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025