Қазақстан • 18 Қараша, 2022

Цифрлық таңбалау оңтайландырылды

320 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің тапсырмасы бойынша Бірыңғай оператораралық нәтижелермен бөлісіп, жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың өкіл­деріне кәсіпкерлер үшін цифрлық таңбалау жүйесін жақсарту жөніндегі жоспарларды, сон­дай-ақ тауарларды таңбалау процестерін қам­тамасыз ету үшін шағын және микробизнесті қа­жетті жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған «пакеттік ұсыныстарды» көрсетті.

Цифрлық таңбалау оңтайландырылды

Отырыс барысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация хаттамаға сәйкес тапсырмалардың орындалу барысымен танысты.

Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы жанындағы жобалау офисінің басқарушы директоры Алмат Исмаилов баяндама жасап, кәсіпкерлердің өздері айтқан мәселелердің қалай шешілетінін көрсетті, сондай-ақ барлық тауар тобы бо­йынша жасалған жұмыс мәртебесін атап өтті. 

Атап айтқанда, аяқкиім өнімдерін импорттаушылар мен өндірушілер үшін таңбалау жүйесіндегі жұмыс бо­йынша техникалық шешімдер көрсетілді. Бұған дейін аяқкиім бизнесінің өкілдері таңбалау жүйесінің техникалық ерекшеліктеріне наразылық білдірді, осы­ған байланысты Бірыңғай оператор кәсіпкерлермен жү­йелі кездесулер өткізеді және осы мәселелерді шешу мақ­сатында жұмыс жүргізуде. Мысалы, қазір таңбалаумен жұмыс істеу үшін каталогке аяқкиім атауларын енгізу жүйесі жеңілдетілуде.  

«Біз үдерістерді оңтайландыру бойынша келесі жұмыстарды жүргіздік: тауар түрлерін біріктіру функциясын қосып, осылайша пайдаланушыны тауардың 100 түрін таңдау қажеттігінен босаттық. Сондай-ақ алдыңғы құжаттарға негізделген деректерді автоматты түрде толтыруды қамтамасыз еттік, яғни бірдей деректерді бірнеше рет толтырмау үшін деректерді автоматтандыру жұмыстарын жүргіздік. Жүйе енді енгізілген деректерді есте сақтайды, пайдаланушыға оны бірнеше рет енгізудің қажеті жоқ. Инвойс негізінде бақылау құжаттарына келетін болсақ, жүйенің тәсілі мен логикасын толығымен өзгерттік. Осы инвойс негізінде импорттаушы таңбалауда электрондық құжаттарды жазады. Іске асыру мерзімі – 18 қараша», деп бөлісті Алмат Исмаилов.

Оның ішінде дәрілік заттарды қадағалау мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесуде «өндіруші – дистрибьютор – дәріхана» бағыты бойынша айналымға қатысушылар арасында қабылдау және беру актісінің қозғалысы мысалында жүйенің техникалық дайындығы көрсетілді.  

Сонымен қатар Бірыңғай оператор барлық таңбалау процесі, сондай-ақ бухгалтерлік есеп, қойма қызметтері мен несие және бөліп төлеу сияқты банк құралдары бір қарапайым және қолжетімді жүйеге біріктірілетін пакеттелген бизнес-шешім әзірлеу бойынша алғашқы нәтижелерді көрсетті.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация өкілдері сұрақ қойып, Бірыңғай оператор жұмысындағы орындалатын бірқатар міндетті қалыптастырды.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бизнестің түсініктемелерін ескере отырып, цифрлық таңбалау жүйесін оңайлату және жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бірыңғай оператор процесті бизнес үшін барынша ыңғайлы және бейімделгіш ету үшін Қазақстанның ІТ-қауымдастығын цифрлық таңбалау экожүйесін бірлесіп дамытуға шақырды. Қазіргі уақытта

ІТ-компаниялармен кездесулер өткізіліп, жүйелерді интеграциялау жоспарлары пысықталып жатыр.