Футбол • 17 Қараша, 2022

Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізіп, 0:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді

Ташкент қаласында өткен жолдастық ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Кездесуде есеп ашқан Ходжимат Еркінов еді. Ол ойынның 12-минутында Игорь Шацкий қорғаған қақпаны тура көздеді. Артынша Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің соққысы қақпа бағанынан қайтты. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов есепті еселеді.

Екінші таймды Қазақстан құрамасы белсенді бастағанымен есепті өзгерте алмады. Бас бапкер Магомед Адиев алаңға бірнеше ойыншыны шығарды. Оның ішінде ұлттық құрамаға ұзақ үзілістен кейін қайта оралған Бауыржан Исламхан болды.

Біздің құрама келесі жолдастық ойынын 19 қараша күні Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Әдебиет бапкері

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Еңбек даңқы аласармайды

Еңбек • Бүгін, 08:22