Оқиға • 16 Қараша, 2022

Жаңаарқада 19 жолаушысы бар автобус аударылды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылорда-Павлодар автожолының 722 шақырымында шағын автобустың жүргізушісі рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Egemen.kz.

Жаңаарқада 19 жолаушысы бар автобус аударылды

Аударылған көлікте 19 жолаушы болған. ТЖД хабарлауынша, үш адам зардап шегіпті.

Оқиға туралы дабыл Жаңаарқа ауданы ТЖБ Ұлытау облысының «Ақтүбек» трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне келіп түскен. Жол апаты орын алған орынға дереу арнайы реанимобильмен жол бойындағы пункт мамандарының бригадасы барып, бригада зардап шеккен 3 адамға көмек көрсетті. Қазір зардап шеккен бір адам орташа дәрежедегі жарақаттармен Жаңаарқа ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда апаттық-қауіпті жол учаскелерде ТЖМ бөлімшесі – 40 трассалық медициналық-құтқару пункті қызмет көрсетеді.