Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Түркістан облысының тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері Subaru көлігін тоқтатып, жүргізушіден 20 келіден астам марихуана есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысының тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Түлкібас ӨКП және патрульдік полиция батальонының полицейлері «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолында Subaru көлігін тоқтатты.

«Көлікті тінту кезінде жедел уәкілдер өсімдік тектес зат салынған төрт қап пен темекі қорабын тапты. Көліктің жүргізушісі бұрын Түлкібас ауданының сотталған тұрғыны болып шықты. Күдіктіден алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді», делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынды.