 
                                        Е. Қоныспаев елшіні қызметіне кірісуімен құттықтап, оған Қазақстан мен Молдова арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолында сәттілік тіледі. Осыған байланысты қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі көзқарасын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық-молдовалық өзара іс-қимылдың, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                