Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі әріптесінен озып кету үшін жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, деп хабарлады Egemen.kz.

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүгенсіз жүргізушіні анықтады.

«Ол 45 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-бөлігімен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.