Әлем • 15 Қараша, 2022

АҚШ-та мектеп автобусы апатқа ұшырады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентукки штатында мектеп автобусы апатқа ұшырап, 18 бала мен жүргізуші әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та мектеп автобусы апатқа ұшырады

Магоффин округінің 40-маршрутында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус Салерсвилл қаласына қарай келе жатқан кезде жолдан шығып, аударылып қалған.

Зардап шеккендер арасында бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бар. Олар тікұшақ және жедел жәрдем көліктерімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға басқа көліктер қатысқан жоқ. Мектеп автобусында қауіпсіздік белдіктері орнатылмағаны белгілі болды. Соның салдарынан зардап шеккендер көп болған. Қазір оқиғаның себептері анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35