Экономика • 15 Қараша, 2022

Экономикалық көрсеткіштері үздік өңірлер аталды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылғы экономикалық көрсеткіштері үздік өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономикалық көрсеткіштері үздік өңірлер аталды

«Өңірлік тұрғыда Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында үздік көрсеткіштер байқалуда», деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда айналымы 35 пайызға өсіп, 98,4 миллиард АҚШ долларын құрағанын айтты.

«Соның ішінде экспорт көрсеткіші 47,5%-ға өсіп, 63,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5%-ға өсіп, 19,3 млрд долларды құрады. Тауар импорты 34,6 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы оң сауда сальдосы 29,3 млрд АҚШ долларын құрады», деп толықтырды министр.