
Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Ал спорт мамандары Жәнібек Әлімханұлы кездесуін уақытынан бұрын аяқтайды деп болжаған еді. Бірақ британиялық Дэнзел Бентли осал қарсылас емес екенін байқатты. Осылайша, ұпай санымен қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды. Бұл - оның 13-жеңісі.