Қазақстан • 09 Қараша, 2022

Қазақстанда жол апаты жиіледі - ІІМ

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қараша айының басынан бері 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 60-қа жуық адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда жол апаты жиіледі - ІІМ

Соларың бірі Жамбыл облысында болған жантүршігерлік апаттан басталды. Ауа райына байланысты қалың тұманның әсерінен Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздікке салғырттық танытып, темір жолға шығып кетіп, жолаушылар пойызымен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен оның бес жолаушысы қаза тапты.

3 қарашада Қостанай облысында Әулиекөл – Жолдама автожолында жүргізуші Chevrolet Сobalt маркалы автокөлікті басқара алмай, кюветке аударылды. Салдарынан үш адам қайтыс болған. 

Осыған орай министрлік жүргізушілерге хабарлама жолдады.

«Өздеріңіз білетіндей, қараша айынан бастап солтүстік аймақтарда ауа райы күрт нашарлайды. Адамдар бұған бірден үйрене алмайтындықтан қысқы жолда жүру кезінде ауа райының жүріс режиміне әсерін, жауын-шашын кезінде көрінудің төмендеуін, сондай-ақ автокөліктің тежеу жолын ұлғайтатын және оған әсер ететін жол төсемінің іліну қасиеттерінің өзгеруін ескеру маңызды екенін еске саламыз.

Жаяу жүргіншілерге  айналадағы қозғалысқа ерекше назар аударуды сұраймыз. Өйткені көлік құралы – ол техника және кенеттен тоқтай алмайды, сондықтан жолдан өткенде жүргізуші сізге жол бергеніне көз жеткізіп, содан кейін ғана жүрісті жалғастырыңыз. Құлаққап, ұялы телефон және капюшон адамның назарына кедергі келтіретінін ескеріңіз. Ішкі істер министрлігі қызмет өткеру кезінде жеке құрамға қиын жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ қыс мезгілінің басталуына байланысты жолдардағы көлік жүрісі ерекше назар аударуды қажет ететінін еске салу қажет. Бұл жерде де өз ережелері мен талаптары бар. Заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылады. Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек, егер олар нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеуі керек», деп хабарлады ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.