Қоғам • 09 Қараша, 2022

Қостанай полицейлері екі есірткі зертханасын тапты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 20 келіден астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай полицейлері екі есірткі зертханасын тапты

8 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар Қостанай қаласының бес тұрғыны ұсталды.

«Ұсталғандардың бірінің үйінен 45 полиэтилен байламы, сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті заттың көлемді қапшығы тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрады. Сондай-ақ тексеру барысында арнайы жабдықталған екі бөлме-жылыжай табылды, онда жарық шамдарының астында қарасора өсімдіктері өсірілген», деді Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Оман Омарбеков.