Экономика • 04 Қараша, 2022

Қазақстанда іскерлік белсенділік құлдырады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы іскерлік белсенділік 6 ай қатарынан теріс көрсеткіште, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда іскерлік белсенділік құлдырады

«Алтыншы ай қатарынан индекс теріс аймақта қалып отыр. Қазан айында экономикадағы іскерлік белсенділік қалпына келді. Жаңа тапсырыстардың өсуіне және жекелеген секторлардағы жұмыспен қамту деңгейіне байланысты іскерлік белсенділік индексі қыркүйектегі 48,2-ден 49,1-ге дейін өсті», делінген Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, тау-кен өнеркәсібінде индекс 50-ге, құрылыс және қызмет көрсету салаларында сәйкесінше 47,5 және 49,2-ге дейін жақсарды. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш өзгеріссіз қалды – 48,5.

2022 жылдың қазан айында бизнестің ағымдағы жағдайын бағалау соңғы 5 айда алғаш рет оң көрсеткіште болған. Алдағы 6 айға арналған болашақ бизнес жағдайларын бағалау да жақсарған.

 в

Нәтижесінде бүгінгі және келешектегі бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі ұлғайып, бизнес-цикл «сағатының» индикаторы көтерілу аймағынан өсу аймағына өткен.

Сондай-ақ кәсіпорындардың бағалауы бойынша, дайын өнімге деген сұраныс жақсарған.