Қазақстан • 03 Қараша, 2022

Астанада жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 14 жастағы қыз суицид жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Астанада жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсады

Оқиға 2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласында болған. Алматы ауданының ПБ полиция бөліміне Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Тексеру барысында бұл факті расталды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 19-қабаттан секірген 14 жастағы кәмелетке толмаған қыз болып шықты», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар жасалуда.