Медицина • 03 Қараша, 2022

Пренаталдық шаралар нақтыланды

215 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі кезде туа пайда болған және тұқым қуалайтын аурулар­дың профилактикасын және оның алдын алу ем-домын, диаг­ностикасын уақтылы жүргізу мәселесі қоғамда өзектілігін жоймай келеді. Бұл орайда ұрықтың даму аномалияларын ерте диагнос­тикалау тиімділігін арттыруға, нәресте өлім-жітімін, балалардың мүгедектікке ұшырауын төмендетуге бағытталған пренаталдық (босанғанға дейінгі) медицина қызметін одан әрі жетілдіру бойынша Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар стратегиялық шешім қабылдады.

Пренаталдық шаралар нақтыланды

Туа біткен ауру аномалиялары­ның себебін анықтау, зерттеу бүгінде өте өзекті мәселе. Осыған байла­нысты пренаталдық ультрадыбыс­тық диагностика бойынша елдің жетекші мамандарынан Сараптама тобы құрылып, елімізде алғаш рет пренаталдық медицина қызметінің жұмысын регламенттейтін нор­мативтік құжаттар – «Қазақстан Республикасында пренаталдық ультра­дыбыстық скрининг жүргі­зуді ұйымдастыру стандарты» және «Қазақстан Республикасында 2022-2025 жылдарға арналған пренаталдық ультрадыбыстық диаг­нос­тиканы одан әрі жетілдіру жөніндегі жол картасы» әзірленді.

Бүгінде халықаралық стандарт­тарға сәйкес пренаталдық ультра­дыбыстық диагностиканың 150 дәрі­гері сертификатталса, бағ­дар­­ламалар шеңберінде Денсау­лық сақтау министрлігінің бас ге­нетигі, профессор Гүлшара Жүсіп­­қызы Әбілдинова және Ден­сау­­лық сақтау министрлігі пренаталдық диагностиканың УДЗ бо­йынша бас маманы, медицина ғы­лымдарының докторы Жанар Қуа­нышбайқызы еліміздің ультрадыбыстық диагнос­тика дәрі­герлері мен медициналық гене­тиктерінің кәсіптік даярлы­ғын арт­тыру бойынша оқыту жүргіз­ді. Денсаулық сақтау министрлігі жүк­тіліктің 9-аптасынан бастап инва­зивті емес пренаталдық ДНК тест әдісін клиникалық практикаға енгізуді жоспарлауда. Бұл зерттеу жүктіліктің басында ұрық­тың хромосомалық ауытқуларын жоға­ры сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік беретін бірегей заманауи әдістердің бірі және әйел үшін де, ұрық үшін де қауіпсіз болмақ.

Сонымен қатар жүкті әйелдерді скринингпен барынша қамту үшін іргелес аумақтағы жүкті әйелдер санына сәйкес қажеттілікті, аудандарда көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысынан қолжетімділікті, ультрадыбыстық пренаталдық диаг­ностика саласындағы халықаралық стандарттар бойынша жабдықтар мен сертификацияланған маман­дардың жеткілікті санымен қам­та­масыз етуді ескере отырып, өңір­лендіруді жүргізу жоспарлануда. Бүгінде өңірлерде пренаталдық нәтижелерді жақсарту үшін сарап­тамалық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсету мақсатында «Ұрық­ты қорғау орталықтары» ұйым­дастырылған. Жүктілік кезінде скринингтік зерттеулерді уақтылы жүргізу, пренаталдық медицинаның соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи және тиімді медицина­лық технологияларды енгізу бойын­ша туа біткен патологиядағы қауіп тобын бөліп көрсетуге және ұрық­тың даму ауытқуларының үлкен спектрін диагностикалауға мүм­кіндік
береді.

Бұл стратегиялық оң шешімдер алдағы уақытта елімізде туа біткен ақауы мен тұқым қуалаушы аурулары бар бала санын болдырмауға зор септігін тигізсе игі.