Қоғам • 02 Қараша, 2022

Мейкатон мүмкіндігі

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Астана қаласы Жастар саясаты мәсе­ле­ле­рі басқармасы «Ас­тана жастары» жастар ресурс­тық орта­лығымен бірлесе отырып тұрақты ұйым­­дастырушысы «Қа­зақ­стан­дағы Тель-Авив уни­верситетінің достар қауым­дастығы» заңды тұл­ға­лар бір­лестігі болып келе жатқан «TOM: Astana» әлеуметтік жобасы бойынша PreTOM мей­­ка­тоны­ның бірінші кезеңін өткізді.

Мейкатон мүмкіндігі

Қазақстанның әр қала­сынан 10 команда қатысып, қолданысқа бейімді түпүл­гі­лер арналып жасалатын мүмкіндігі шек­теу­лі адамдармен таныс­ты. Жобаға қа­тысушылар мүмкін­ді­гі шектеулі адамдармен бірге екінші кезеңде жүзеге асы­руға тура келетін жобалары мен идея­ла­рының алғашқы но­бай­ла­рын жасады. Атап айт­қан­да, жүгіруге арналған тізеден жо­ғары аяқ протезі; меха­ни­ка­лық мүгедектер арбасына арналған электр тіркемесі; следж хоккей жаттығуларына ар­налған шаналар; қашықтықта бөгеу­лер­ді анықтап белгі беретін, кеңіс­тікте көзі көрмейтіндерді бағ­дар­лай­тын құрылғы; қысқы мерзімде жылжуға арналған мү­гедектер арба­сының дөңге­лек­терін бейім­деу­ге мүмкіндік беретін көмекші құ­ралдар және т.б. Бірінші кезең­нен соң командалар бір ай бойы шығыс материалдарын сатып алуға арналған тізімді жасаумен айналысса, мейкатонның екінші кезеңінде командалар өздерінің түпүлгілерін құрып, жасауға кіріседі. Сондай-ақ қазылар алқасы алдында таныстырады.