Білім • 01 Қараша, 2022

Балабақшалардағы оқыту бағдарламалары өзгереді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балабақшалардағы оқыту бағдарламалары өзгереді

«2026 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдама стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда анықталған негізгі басымдықтарды қарастырады. Біз әртүрлі халықаралық зерттеулер мен талдаулардың нәтижелерін ескере отырып, сарапшылармен және педагогикалық қоғаммен талқылаулар өткіздік, тиісті ұсыныстар әзірледік. Құзыретіне сәйкес алты бағыт, 109 іс-шара қарастырылған», деді Асхат Аймағамбетов.

Ол министрлік білім беру тұжырымдамасы шеңберінде көзделген міндеттер мен бастамаларды іске асыру үшін сапалы шаралар қабылдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ведомство басшысы балалардың ерте дамуына байланысты мәселеге пікір білдірді.

«Білім берудің маңызды деңгейі - балабақшалар. Зерттеулерге сәйкес, балабақшалар балалардың интеллектуалды, эмоционалды, әлеуметтік, психологиялық дамуына әсер етеді. Осыған байланысты балабақшаларда балаларды дамытудың жаңа моделі енгізілуде, оқыту бағдарламалары мен әдістері өзгеруде. Бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы ең үлкен өзгеріс деп айтуға болады. Егер бұрын бағдарлама тым академиялық болса және 3-4 жастағы балалар 20 минуттан сабақ алса, енді халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқу процесі ойын арқылы өтеді», деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, баланың тұтас дамуы үшін барлық жағдай қарастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше