Әлем • 01 Қараша, 2022

Илон Маск Twitter-дің директорлар кеңесін таратты

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Twitter компаниясын сатып алған кәсіпкер Илон Маск компанияның директорлар кеңесін таратты. Бұл туралы дүйсенбіде АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының базасында жарияланған құжаттарда көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Илон Маск Twitter-дің директорлар кеңесін таратты

Аталған құжатта Илон Маск Twitter-ді жалғыз басқаратыны көрсетілген. Әлеуметтік желінің негізін қалаушы Джек Дорси компанияның 2,4% үлесін сақтап қалған. Қазір оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.

«27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес директор болған тұлғалар қызметтерін тоқтатты», делінген құжаттардың бірінде.

Бұған дейін Маск компания басшылығының бірнеше мүшесін, соның ішінде бас директор Парага Агравал мен қаржы директоры Нед Сегалды жұмыстан шығарған еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше