Әлем • 29 Қазан, 2022

Луврда Катталангар Құраны ұсынылады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Луврда әлемдегі ең көне Құрандардың бірі - VIII ғасырдағы қолжазба Катталангар Құраны ұсынылады, деп хабаолайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Луврда Катталангар Құраны ұсынылады

Көрме 2022 жылдың 24 қарашасынан 2023 жылдың 6 наурызына дейін ашық болады. Онда монументалды және станоктық өнер, қабырға суреттері, сарайлардың оюланған бөлшектері, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылады.

Келушілер үшін барлығы 168 мұражай экспонаттары ұсынылады. Дәлірек айтқанда, Луврға біздің дәуірімізге дейінгі V–VI ғасырлардан бастап Тимуридтер дәуіріне дейінгі кезеңді қамтитын Өзбекстанның 13 мұражайынан 137 зат және әлемнің жетекші мұражайларынан 31 зат әкелінді.

Көрменің бірегей экспонаттарының бірі - VIII ғасырдағы қолжазба Катталангар Құраны болады.

Ұзақ уақыт бойы ол Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Лангар-ота мешітінде сақталған.

Зерттеулерге сәйкес, Құран 206 беттен тұрады. Қазіргі уақытта тек 98 бет сақталған.

1984 жылы КСРО билігінің өкілдері Катталангар Құранының 67 бетін алып қойған.

Тағы 81 бет Санкт-Петербургтегі Шығыс қолжазбалар институтының мұражайында сақталған.