Аймақтар • 28 Қазан, 2022

Қарағандыда екі интернет алаяқ ұсталды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​полицейлері екі интернет алаяқты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда екі интернет алаяқ ұсталды

Қарағанды ​​қалалық полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны хабарласып интернет-алаяқтықтың құрбаны болғанын айтты.

Белгісіз тұлғалар әлеуметтік желі арқылы арызданушыға хабарласып, несиеге тауарды тиімді бағамен сатып алуды сұраған. Алаяқтар өздерін сауда администраторы ретінде таныстырып, ұсынылған тауарлардың алуан түрін көрсеткен. Бұл жәбірленушінің қызығушылығын тудырған. Нәтижесінде, интернет-алаяқтар 790 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденген. Ал арызданушы бірден полиция бөліміне хабарласқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 26 және 27 жастағы облыс тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында қылмыстарын мойындады. 

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.