Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Президент энергетика саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен газ және энергетика мәселелері жөнінде шұғыл кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

Президент энергетика саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Жиын барысында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылып, қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелерге айрықша көңіл бөлінді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.

Президент еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.