Аймақтар • 23 Қазан, 2022

Ақмола облысының полицейлеріне 47 көлік берілді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Полиция департаментінің қызметкерлеріне көлік кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақмола облысының полицейлеріне 47 көлік берілді

«Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен автопаркте 47 жаңа көлік пайда болды, оның ішінде 40 «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлігі бар. Оның 30-ы құқық қорғау органдарының негізгі буыны - халықпен тікелей жұмыс жүргізетін патрульдік полиция бөлімшелері мен учаскелік полиция инспекторларына арналған. Осы маркадағы тағы 10 автокөлік стандартты түрде әртүрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін ведомствоның жедел қызметтеріне берілетін болады. Сонымен қатар «Jac» маркалы 5 автозакты айдауыл қызметінің бөлімшелері алды. Жаңа автокөліктердің кілттері салтанатты түрде арнайы жедел әрекет ету жасағына табысталды», деп жазды ІІМ ресми сайты.