Оқиға • 22 Қазан, 2022

Елорда тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер елорда тұрғынынан есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғынынан есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы елорда тұрғынын ұстады, одан 200 грамнан астам гашиш тәркіледі.

«Күдікті елорда тұрғынынан үйінде белгісіз біреудің есірткі сақтайтыны туралы хабарлама түскеннен кейін ұсталды. Тәркіленген есірткі заты оралып, әрі қарай сатуға дайындалды. Сондай-ақ тінту кезінде ер адамнан есірткі қабаты бар электронды таразы тәркіленді. Есірткі сақтау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері елордада заңсыз айналымнан 250 келіден астам түрлі есірткі түрлері тәркіленсе, оның 119 келісі гашиш.