Аймақтар • 19 Қазан, 2022

Атырауда Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің экс-басшысы сотталды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласының №2 сотында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың сайтына сілтеме жасап. 

Атырауда Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің экс-басшысы сотталды

«Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, қызмет бабын пайдаланумен, сенімін теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасау фактісі бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Г.-ға қылмыстық іс қаралды. Сонымен қатар бірнеше рет пара беру фактісі бойынша К.-ға, бірнеше рет парақорлыққа делдал болу фактісі  бойынша З.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды», делінген ведомство ақпаратында.

Сот үкімімен сотталушы Г. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 4 900 000 теңге айыппұл салынды.

Медиация бойынша тағы бір сотталушыға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 350 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үшінші сотталушы бірнеше рет пара бергені үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 750 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.