Аймақтар • 17 Қазан, 2022

Өскеменде заманауи қоқыс өңдейтін зауыт ашылды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде заманауи сұрыптау желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Өскеменде заманауи қоқыс өңдейтін зауыт ашылды

Кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және Гректің «Sabo» компаниясының өкілдері қатысты. 

Екі ауысымда жұмыс істейтін бұл зауыт жақын арада қоқыстарды сұрыптап қана қоймай, жергілікті тұрмыстық қалдықтар полигонын демонтаждауға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Заманауи зауыттың артықшылығы - бір сағатта 25 тонна қалдықты өңдейді.