Қоғам • 17 Қазан, 2022

Жас құтқарушылар мектебі

782 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеншілер қаласының жет­кіншектері үшін қосым­ша білім беруге ар­нал­ған мамандан­ды­рыл­ған мектеп ашылды. Жас құт­қа­рушылардың дағ­дысын же­тілдіруді мақсат тұтқан оқу ұйымы Балалар жы­лы аясында өміршең етіліп отыр.

Жас құтқарушылар мектебі

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешеніне қарасты аула клубы негізінде өмірге келген қосымша мектеп – Екібастұз қаласы білім беру бөлімі және жергілікті төтенше жағдайлар бас­қармасының бірлескен жоба­сы. Мұнда балаларды оқыту, оларға мектепте алған теория­лық білімдерін кеңейтуге және нақтылауға, алғашқы кө­мек көрсету дағдыларын қалып­тас­­тыруға, төтенше жағ­дай­лар­да іс-әрекеттер туралы бі­лім алуға, іздестіру-құтқару жұ­мыс­тарының дағдыларын игеруге, психологиялық да­йын­дықтан өтуге мүмкіндік қарастырылған.

Кәсіптік бағдарлауға арналған ұйымға орта мектептердің 7-10-сынып оқушылары келеді. Жас құтқарушылар төтенше жа­ғ­дайлар басқармасымен әзір­ленген қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы бо­­йынша білім көкжиектерін ке­ңейтіп, дәрістерді арнайы мамандар мен педагогтер жүргізеді. Оқу-жаттығу ор­талығы ма­ман­­­дандырылған жабдық­тар­­мен, оқу әдебиеттерімен және азаматтық қорғау бойынша әдіс­­темелік құралдармен жаб­дық­талған.

Орталықтың ашылуында «Ангренсор» ЖШС «Жас құ­т­қарушылар» жасағына форма жиынтығын сыйға тартты.

– Балалар жылында қол­ға алынған жобаның ма­ңызы зор. Көптеген жоғары сы­­нып оқушылары белсенді өмір салтын ұстанады, спортпен шұ­ғылданады. Біз жастарға тө­тенше жағдайда алғашқы көмек көрсету мүмкіндігін ұсы­на оты­рып, әлеуметтік ма­­ңызы бар салада өздерін та­нытуға жағ­­дай тудырамыз. Патрио­тизм­­ді, жауапкершілікті, бел­сенді қоғамдық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеміз, – деді облыстық төтенше жағ­дай­лар департаментінің басшысы, генерал-майор Жасұлан Жұ­машев мектептің ашылу салтанатында.

Айта кетелік, бүгінде Екібас­тұз қаласында 8 аула клубы бар, олар жалпы саны 2 мыңнан астам баланы қамтып отыр. «Жан­ұя» отбасылық клубы, жас шаштараздар мектебі, аспаздық клуб, балалар велотуризмі және «Жас құтқарушылар» орталығы жергілікті жасөспірімдер үшін аса танымал. Ал жыл соңына дейін шаһарда ұлттық ойындар мектебін ашу жоспарда тұр.

 

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025