Аймақтар • 15 Қазан, 2022

Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір жасөспірімдердің өміріне алаңдайтын негіз жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда 2 оқушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккен 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдеммен облыстық балалар аурухнасына 14 қазан сағат 16:55-те жеткізілген.

Балалардың бірінде оң қолдың саусақтары, екіншісінде мойын, зигоматикалық және оксипитальды аймақтарының жарақаты мен білегі кесілген, - делінген хабарламада. 


Оқушыларды ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп болмаған. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар үйлеріне жіберілді.