Саясат • 14 Қазан, 2022

ТМД елдері басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын жабық деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД елдері басшылары бірқатар құжатқа қол қойды

«Құжаттарға қол қою рәсімі аяқталғандықтан, біздің отырысымыз нәтижелі болды деп мәлімдеуге толық негіз бар. Әсіресе құжаттарды қабылдаудан басқа, делегация басшылары ТМД шеңберіндегі көпжоспарлы өзара іс-қимылдың кең ауқымы бойынша, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі бойынша өте пайдалы пікірталас өткізді деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент отырыс шеңберінде зерделенген мәселелер ТМД кеңістігіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жетілдіруге қызмет ететініне сенім білдірді.

«ТМД Атқару комитетінің қызметкерлеріне, біздің сарапшыларға, мемлекет басшылары кеңесінің отырысын дайындауға және өткізуге тікелей қатысқан ТМД-ның барлық органдарына бірлескен жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы жабық деп жариялаймын», деп қорытындылады Мемлекет басшысы.