22 Мамыр, 2014

Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі 2016 жылдың қаңтарында күшіне енуі тиіс

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
goshin02АСТАНА. 22 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексін 2016 жылдың 1 қаңтарында заңдық күшіне ендіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. VII Астана экономикалық форумы аясындағы іскерлік конгресс барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық министрі Владимир Гошин осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Владимир Гошин: «Шілде айында  Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінің жобасын жасауды жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айының соңында Кедендік кодекс жобасын түзеу және ресми мемлекет ішіндегі келісім өткізу үшін сарапшыларды жинау көзделген. Әрі қарайғы жұмыс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжатқа қол қойылуын қамтамасыз ету үшін жалғасады», – деді. Жалпы, Кедендік кодекс заманауи талаптарға сәйкес болуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, аталған құжатты түзу жөніндегі алғашқы іс-әрекеттерді 2013 жылдың желтоқсанында Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс тобы бастаған. Жиын барысында осы Кодекс жөнінде өз сөзін толықтыра түскен В.Гошин құжаттың жобасында көрініс тапқан жаңа тәсілдерді атап өтті. Сондай-ақ, ол құрастырылмаған немесе бөлшектелінген түрде тасымалданатын тауарларды кедендік мағлұмдауды бірыңғайлау; кейбір рәсімдердің мерзімдерін қысқарту қарастырылғанын да атап өтті. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: euraziancommission.org.