Әлем • 13 Қазан, 2022

Эмомали Рахмон климаттың өзгеру салдарымен күресуге шақырды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 13 қазанда Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эмомали Рахмон климаттың өзгеру салдарымен күресуге шақырды

Эмомали Рахмон Душанбенің қазіргі әлемнің қауіп-қатерлері мен сын-қатерлеріне қарсы күрес саласындағы жаһандық бастамаларын еске салды.

Тәжікстан президенті бірнеше күннен кейін Душанбеде БҰҰ және басқа да халықаралық серіктестермен бірлесіп, маңызды әлемдік тақырыптарды қамтитын терроризмге қарсы күрес жөніндегі «Душанбе процесі» шеңберінде жоғары деңгейдегі конференция өтетінін атап өтті.

Ол АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларына қазіргі күрделі жаһандық мәселелерді уақытылы шешу қажет екенін жеткізді.

Жиын барысында Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыз су тапшылығы мен климаттың өзгеруінің жаһандық проблемасын шешу жөніндегі бастамалары туралы айтып, елдер мен халықаралық ұйымдардың басшыларын климаттың өзгеруінің салдарымен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Сондай-ақ ол Тәжікстандағы су-климаттық проблемаларды шешуге және мұздықтардың еруіне халықаралық қоғамдастықтың назарын көбірек аудару мақсатында 2025 жылды «Мұздықтарды қорғаудың халықаралық жылы» деп жариялауды ұсынды.

Президент Эмомали Рахмон ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер Тәжікстанның бұл бағыттағы күш-жігерін толық қолдайтынына сенім білдірді.