22 Мамыр, 2014

22-24 мамыр аралығында еліміздің кейбір жерлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
000АСТАНА. 22 мамыр. Еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында 22-24 мамыр аралығында жаңбыр жауады әрі ауа-райының салқындығы  сақталады. Тіпті, орталық және шығыс аймақтарының кейбір тұстарында қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. Бүгін аталған өңірлерде ауа температурасы +4-8 градус шамасында болады. 23-24 мамырда бұл жерлерде жаңбыр жауғанымен ауа біршама жылынады. Ал республиканың батыс өңірлерінде ауа-райы құрғақ және ыстық болады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Қазгидромет». Фото: zastavki.net.ua.