Президент • 13 Қазан, 2022

Астанада АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слеті өтеді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VI саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слеті өтеді

«Біз күш-жігерімізді әрқашан адамдар үшін пайдалануымыз керек. Экономикалық шараларды адами өлшемге, адам ресурстарын үнемдеуге және дамытуға бағытталған жағдайда ғана тиімді деп санауға болады.

Биылғы шілдеде Астанада Жастар кеңесінің отырысын сәтті өткізу осы бағыттағы өзара іс-қимыл үшін үлкен перспективалар барын көрсетті. Осыған байланысты 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің қолдауымен АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру үлкен перспективаларға жол ашатынын айтты.

«Осы желі арқылы ІТ, нанотехнология және жаңартылатын энергия көздеріндегі әзірлемелермен алмасуға болады», деді Мемлекет басшысы.