Қазақстан • 13 Қазан, 2022

Президент АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан саммитте АӨСШК кеңістігі аясында - Шанхайда, Дубайда және Астанада ірі қаржы орталықтары табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды

«АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынамын. Қаржы саммиті Қытай Халық Республикасының бастамасымен АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын жандандыру мақсатында өтті.

Қаржы саммитінің трансформациясы экономиканы қалпына келтіруге, тұрақты және инклюзивті дамуға, кеңес аясында өңірлік және субөңірлік қаржылық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді», деді Президент саммит барысында.