22 Мамыр, 2014

Форум шеңберіндегі екіжақты кездесулер

219 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның бірқатар қатысушыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Ливан парламентіндегі «Мустак­баль» билеуші блогының басшысы, Ливанның бұрынғы премьер-ми­нистрі Фуад Синиорамен кездесуде Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ливан өзара тиімді саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін зор мүмкіндіктерге ие екенін айта келіп, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда парламентаралық үнқатысудың рөлі арта түскенін атап өтті. Төраға Сенаттың Ливан парламентімен байланыстарды, атап айтқанда, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің халықаралық мәртебесін одан әрі нығайту мақсатында одан әрі үдетуге әзір екенін жеткізді. Ф.Синиора Астананың және тұ­тас­тай Қазақстанның дамуына таң­данысын білдіре келіп, стратегиялық тұрғыда көреген әрі қазіргі замандағы көрнекті сая­саткер ретіндегі Нұр­сұлтан Назар­баевтың ерекше рөлін атап өтті. Ливан саясаткері екі елдің пар­ла­менттері мен іскерлер қауымдары арасындағы белсенді байланыстарды дамытуға Бейруттың ұмтылысы ту­ралы айтты. Ф.Синиора Астана эконо­микалық форумы қазіргі замандағы ең көкейкесті мәселелер бойынша қызықты және сындарды пікірсайыс үшін тамаша тұғырнама екенін танытты деп санайды. БҰҰ Азық-түлік және ауыл ша­руа­шылығы ұйымы (ФАО) Бас дирек­торының орынбасары, Еуропа және Орталық Азиядағы аймақтық өкілі Владимир Рахманинмен кездесуде Қазақстан мен ФАО арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. В.Рахманин Қазақстан әлемдік нарықта ірі астық жеткізуші болып табылатынын, мұқтаж мемлекеттерге азық-түлік көмегін көрсету жөніндегі бағдарламаларға табысты түрде қатысып келе жатқанын, инвестиция тарту, техникалық және консультациялық тұрғыда жәрдем алу үшін арнаулы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын атап өтті. ФАО өкілі таяуда Қазақстанда ұйым өкілдігінің ашылатынына және ол өзара ынтымақтастықты күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді. Қазақстан мен Испанияның ынтымақтастығы және халықаралық өзекті мәселелер Қ.Тоқаевтың Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы Мигель Анхель Моратиноспен кездесуінде талқыланды. Сенат Төрағасы 1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген көптарапты аймақтық форум – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Шанхайдағы IV саммитінің табысты өткеніне жүздесушінің назарын аударды. М.Моратиностың пікірінше, Қазақстан 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануға жоғары мүмкіндікке ие. Өз кезегінде Қ.Тоқаев Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөніндегі жұмыстарға Қазақстан Президентінің арнаулы уәкілдері ретінде Сенаттың бірқатар депутаттары тартылатынын атап өтті. М.Моратинос шетелдік экономистер, саясаткерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар және қоғам қайраткерлері арасында танымалдығы арта түскен Астана экономикалық форумының әлеуетін жоғары бағалады. Испан дипломаты Қ.Тоқаевты Испания мен Түркияның бастамасымен дүниеге келген және БҰҰ қолдауына ие болған форум – Өркениеттер альянсының жұмысына қатысуға шақырды. В.Рахманин Қазақстан әлемдік нарықта ірі астық жеткізуші болып табылатынын, мұқтаж мемлекеттерге азық-түлік көмегін көрсету жөніндегі бағдарламаларға табысты түрде қатысып келе жатқанын, инвестиция тарту, техникалық және консультациялық тұрғыда жәрдем алу үшін арнаулы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын атап өтті. ФАО өкілі таяуда Қазақстанда ұйым өкілдігінің ашылатынына және ол өзара ынтымақтастықты күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді. Қазақстан мен Испанияның ынтымақтастығы және халықаралық өзекті мәселелер Қ.Тоқаевтың Испанияның бұрынғы сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы Мигель Анхель Моратиноспен кездесуінде талқыланды. Сенат Төрағасы 1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастамасымен дүниеге келген көптарапты аймақтық форум – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Шанхайдағы IV саммитінің табыс­ты өткеніне жүздесушінің назарын аударды. М.Моратиностың пікірінше, Қазақстан 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануға жоғары мүмкіндікке ие. Өз кезегінде Қ.Тоқаев Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөніндегі жұмыстарға Қазақстан Президентінің арнаулы уәкілдері ретінде Сенаттың бірқатар депутаттары тартылатынын атап өтті. М.Моратинос шетелдік экономистер, саясаткер­лер, кәсіпкерлер, ғалымдар және қоғам қайрат­керлері арасында танымалдығы арта түскен Астана экономикалық форумының әлеуетін жоғары бағала­ды. Испан дипломаты Қ.Тоқаевты Испания мен Түркияның бастамасымен дүниеге келген және БҰҰ қолдауына ие болған форум – Өркениеттер альянсының жұмысына қатысуға шақырды.